Домой Новости “Олар түрмеге баруға дайын”: Мыңдаған қыз Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуды армандап жүр

“Олар түрмеге баруға дайын”: Мыңдаған қыз Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуды армандап жүр

Мыңдаған бойжеткен түрмеде отырған Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуға ниет білдірген деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Олар түрмеге баруға дайын": Мыңдаған қыз Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуды армандап жүрКОЛЛАЖ: NUR.KZ

Өзінің Instagram желісіндегі парақшасына болашақ жеңгесінің қандай болғанын қалайтынын жазған Нағима Есентаева ағасына жар болуды қалайтын қыздардың аз еместігін алға тартты. Оларды тіпті Бақытбектің темір тордың ар жағында отырғаны да тоқтата алмайды екен.

“Маған жіберген телефон нөмірлері қаншама. Жауап жазғандардың барлығы 25 пен 30 жас аралығындағы қыздар. Олар 8 жыл күтуге дайын. Бәрі де отбасын құрмаған, балалары жоқ”, – дейді Нағима.

Ол қыздардың көпшілігі түрмеге барып, Бақытбекпен некеге тұруға дайын екендерін атап өтті. Алайда, айтуынша, соңғы шешімді қандай жағдай болмасын ағасы қабылдайды екен.

Сондай-ақ Нағима ағасын бір ай бұрын көргенін, келесі кездесу үш айдан кейін екенін айтты. Оның сөзінше, Бақытбек бұрынғы әйелі Баян мен Тұрсынғалидің некелескенінен хабардар көрінеді.

Бақытбек Баянның тұрмысқа шыққанын біледі. Ол қарсы емес. Тіпті қуанышты. Баянға ашулы да емес. Қыздарымен хабарласып тұрады. Үлкен қызы жақында АҚШ-тан оралады, бірден әкесімен кездесуге бара алатынын айтқанмын”, – дейді Нағима Есентаева.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бақытбек Есентаевтың қарындасы Instagram парақшасында болашақ жеңгесінің қандай болғанын қалайтыны туралы жазған еді.

comments powered by HyperComments