Домой Новости Үнділік миллионер ұлының үйлену тойына 18 мың адам шақырды

Үнділік миллионер ұлының үйлену тойына 18 мың адам шақырды

Үнділік бизнесмен Джитендра Пател кішкентай ұлы Равидің тойына 18 мың жесір әйелді шақырып, жұмсақ көрпе мен ағаш бұтағын тарту етті. Бұл туралы korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Миллионер тойына 18 мың адамды шақырып сыйлық таратты. Фото: korrespondent.net

Миллионер тойына 18 мың адамды шақырып сыйлық таратты. Фото: korrespondent.net

Салтанатты рәсім Дерол ауылында өткен. Баласының тойына жесір әйелдерді жинаған миллионер осы әрекеті арқылы оларды қоғамнан шеттету дәстүрін тоқтатқысы келеді.

«Жас жұбайлардға жесір әйелдер бата бергенін шын жүрегіммен қаладым. Бізде қалыптасқан дәстүр бойынша күйеуінен айырылғандардың тойға келуі әдепсіздік саналады. Бірақ ол тек наным-сенім ғана, оны доғару керек», – дейді Джитендра Пател.

Жомарт әке тойға келген әрбір жесірге жұмсақ көрпен мен ағаш бұтағын тарту етіп, оны үйлерінің алдына отырғызуды өтінді.

Бұдан бөлек, әлеуметтік жағдайы төмен 500-ге тарта әйелге сауынды сиыр сыйлады.

Айта кетейік, Үндістан салты бойынша күйеуінен айырылған әйел өмір бойы қара-сұр киім киіп, той-томалаққа мүлдем қатыспауы керек. Себебі ол бақытсыздық әкеледі деген ырым бар.

comments powered by HyperComments