Домой Новости Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметке туыстарын алатындарға қатаң тыйым салды

Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметке туыстарын алатындарға қатаң тыйым салды

Нұрлан Ноғаев Атырау облыстық әкімдігінде өткен кеңесте мемлекеттік қызметке туыстарын алатындарға қатаң тыйым салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы atr.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметке туыстарын алатындарға қатаң тыйым салды. Фото: atr.kz

Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметке туыстарын алатындарға қатаң тыйым салды. Фото: atr.kz

Кеңес барысында күн тәртібіндегі тоғыз мәселе талқыға алынды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

«Біз өз жұмысымызға объективті түрде баға беруіміз керек. Өзімізге жүктелген міндеттемелерді жауапкершілікпен орындау шарт. Туыстық қарым-қатынас пен өзге де байланысты ұмыту қажет, жұмыста әрқайсымыз мемлекеттік қызметкерміз, сіздерден басқа жұмыс талап етілмейді. Тек өкілеттілігіңізді дұрыс орындау», – деді Нұрлан Ноғаев.

comments powered by HyperComments