Домой Новости Мұхамедиұлы еліміздің 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатынын жеткізді

Мұхамедиұлы еліміздің 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатынын жеткізді

Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұхамедиұлы еліміздің 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатынын жеткіздіАРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ. ФОТО: ORTCOM.KZ

Министр қазақстандық спортшылардың 2018 жылғы Олимпиадада жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді түрде дайындалып жатқанын алға тартты.

Сонымен қатар Мұхамедиұлы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақырған ресейлік депутаттың сөзіне қатысты да өз ойын айтты.

Бұл көзқарас. Бәрінде бар. Әрбір тұлғаның айтқанына қарай берсек, дұрыс болмайды. Мемлекет ұстанымы бар.

Қазір бізде 17 жолдама бар, бұл қуантады. Біздің қазіргі мақсат көбірек жолдама алып, Олимпиадада жақсы нәтиже көрсету”, – деді Мұхамедиұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Виталий Милонов БРИКС елдерінің – Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанның Ұлттық Олимпиада комитеттеріне Ресей шеттетілген жағдайда ниеттестік ретінде 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауға шақырған болатын.

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы Олимпиада ойындары ақпанның 9-ы мен 25-і аралығы өтеді.

comments powered by HyperComments