Домой Новости Әлемді дүрліктірген ирандық “Анджелина Джолидың” бар былығы ашылды (фото)

Әлемді дүрліктірген ирандық “Анджелина Джолидың” бар былығы ашылды (фото)

Әлемге танымал актриса Анджелина Джолиға ұқсау үшін бетіне 50 рет ота жасатқанын айтқан бойжеткеннің бар шындығы ашылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Әлемді дүрліктірген ирандық "Анджелина Джолидың" бар былығы ашылды (фото)АНДЖЕЛИНА ДЖОЛИ МЕН САХАР ТАБАР

Бір апта бұрын 17 жастағы парсылық арудың отадан кейінгі келбеті жайлы әлемдік БАҚ жазған болатын. Көпшілік сұлудан сұрқияға айналған қызды да, оған рұқсат берген ата-анасын да сөгіп тастады. Шын мәнісінде бойжеткен бетіне 50 рет ота жасатпаған болып шықты.

Әлемді дүрліктірген ирандық "Анджелина Джолидың" бар былығы ашылды (фото)САХАР ТАБАРДЫҢ ӨМІРДЕГІ КЕЛБЕТІ. ФОТО: INSTAGRAM ЖЕЛІСІНЕН.

«Анджелина Джолиға ұқсау үшін бетіне 50 рет ота жасатты деген жалған ақпарат. Менің ешкімге ұқсағым келмейді, өз түрім өзіме ұнайды. Сәндік үшін мұрнымды түзетіп, ернімді үлкейткенім рас. Ал  желіде тарап кеткен фото жайлы айтар болсам еріккеннен бетіме макияж жасатып, кейін оны компьютерде өңдетіп, инстадағы парақшама салғанмын.

Кейін мен туралы 30 кг салмақ тастапты, әйгілі актрисаның көшірмесі болғысы келеді деген мақалаларды көрдім. Жалған ақпаратты кімнің таратқанын әлі күнге дейін білмей жүрмін» ,- дейді Тегеран тұрғыны.

Әлемді дүрліктірген ирандық "Анджелина Джолидың" бар былығы ашылды (фото)САХАР ТАБАРДЫҢ КҮЛКІ ҮШІН ЖАСАҒАН СУРЕТІ. ФОТО: INSTAGRAM ЖЕЛІСІНЕН.

Күлкі үшін жасаған суретімен күллі әлемге танымал болған қыздан алғашында жергілікті жұрт шошыған. Дүкендерде көріп қалса сұрақтың астына алып, кейін мән-жайды түсінген соң, естелік үшін суретке түседі екен.

Бойжеткен жалпақ жұрттың өсегіне мән бермеймін, ата-анамның қолдауы мен құдайдың маған деген көзқарасы ғана маңызды деп ойын түйіндеген.

comments powered by HyperComments