Домой Новости Әлем жұртшылығын ерекше даусымен таңғалдырған қазақстандық Украинада жеңіске жетті (видео)

Әлем жұртшылығын ерекше даусымен таңғалдырған қазақстандық Украинада жеңіске жетті (видео)

Қазақстандық Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті. Бұл туралы NUR.KZ порталына жас әншінің баспасөз хатшысы Татьяна Синенко хабарлады.

Әлем жұртшылығын ерекше даусымен таңғалдырған қазақстандық  Украинада жеңіске жетті (видео)ДАНЭЛЯ ТӨЛЕШОВА. КОЛЛАЖ: NUR.KZ

Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шыққан болатын. Әнші байқаудың финалында «Не твоя война» атты композицияны орындап, көпшілікті тәнті еткен. 10 жастағы Данэля «Голос. Діти» шоуының төртінші маусымының жеңімпазы атанды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Данэлия финал мен суперфиналда жалпы 5 композиция орындаған. Сондай-ақ ол «Елдің бала дауысы» атағын иеленді және Disneyland Paris-де саяхатқа жолдама берілді. «Голос» – ол менің бала арманым. Адамдар менің әнімді тыңдаған кезде, көпшілігі маған хат жаза бастады. Сенім білдіргендеріңізге рақмет!», – деп қуанышын бөлісті әнші.

Еске сала кетейік, Данэля Төлешова бұған дейін ерекше даусымен украиналық көрермен мен қазылар мүшесін алғаш ән айтқан кезден-ақ таңғалдырған. Жас әншінің Youtube арқылы тараған видеосын 1 млн-нан астам адам көрген.

comments powered by HyperComments