Домой Новости Киев түрмесінде отырған Грузияның экс-президенті жағдайы жаман болмағанын айтты

Киев түрмесінде отырған Грузияның экс-президенті жағдайы жаман болмағанын айтты

Грузияның экс-президенті және Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили грузиялық “Рустави 2” телекомпаниясының эфирінде шатырға неге шығып кеткенін түсіндіріп, Киев түрмесінде жағдайы жаман болмағанын айтты.

Киев түрмесінде отырған Грузияның экс-президенті жағдайы жаман болмағанын айттыМИХАИЛ СААКАШВИЛИ

Оның айтуынша, ұсталған күні таңғы сағат жетіде украиналық құқық қорғаушылар 45 минут бойы пәтердің есігін бұзып кірмек болған. Ал ұялы телефон сигналы жасанды жолмен басылып, команда мүшелеріне хабар беру үшін шатырға шығуға мәжбүр болыпты.

Саакашвили шатырға шығу арқылы біраз уақыт ұтқанын айтты – екі сағат ішінде жұрт ұйқысынан оянып, оның жағдайынан хабардар болған. Үйдің алдына жақтастары мен жетекші телекомпаниялардың журналистері де жиналып үлгерген.

Ол шатырда қолына кісен тағылғаннан кейін, құқық қорғаушылармен бірге пәтерге кіріп, душқа түсіп шығуды өтінгенін жеткізді. Алайда, оның сөзінше, душтан ұзақ уақыт шықпай қойғаннан кейін сырттағылар күдіктеніп, есікті қаға бастаған. Кейін бөлмеде жанжал шығып, ақыр соңында оның қолына қайтадан кісен тағылды.

Изоляторда оған қалай қарағаны туралы журналистің сұрағына Саакашвили: “Маған деген тілектестіктен мейіріммен қарағаны сезілді», – деп жауап берді.

Саясаткер жатқан нөмірі 13 камера «душы бар кәдімгі таза бөлме» болған.

«Берген тамағынан бас тарттым, шай әкеліп тұрды. Бостандыққа үйреніп қалғандықтан бірінші күні өзімді жайсыз сезіндім. Ал екінші күні ол жайсыздық кетті», — дейді Саакашвили.

Оның айтуынша, изолятор ауласында күні-түні «талғамсыз орыс музыкасы» ойнап тұрған. Бұл ғимарат маңына оны қолдап келген акция қатысушыларының даусын естімеу үшін жасалыпты.

Саакашвили 5 желтоқсан күні Киевте ұсталды. Оның үстінен қылмыстық ұйымның мүшелеріне көмектесу және олардың қылмысын жасыру туралы қылмыстық іс қозғалған. Алайда жақтастары оны құқық қорғаушылардың қолынан босатып алып, Киев орталығына митингке жиналды.

Келесі күні құқық қорғаушылар Саакашвилидің шатырлы қалашығына келді, алайда жақтастары сол күні де қарсылық көрсетті. Саясаткер тек 8 желтоқсан кешке ұсталды. Экс-президент Украина қауіпсіздік қызметінің изоляторына қамалды.

Дүйсенбі күні Киевтің Печерский аудандық соты прокуратураның Саакашвилиді тәулік бойы үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы қолдаухатын қабылдамады. Осылайша саясаткер бостандықта қалды. Прокуратура сот шешіміне шағым түсіруге ниетті екенін мәлімдеді.

comments powered by HyperComments