Домой Новости Кеншілердің жағдайы туралы бір ауыз сөз айта алмаған депутат елдің ашуына тиді...

Кеншілердің жағдайы туралы бір ауыз сөз айта алмаған депутат елдің ашуына тиді (видео)

Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржановтың Қарағандыдығы мыңдаған кеншінің жанайқайы туралы ойланбай сөйлеуі  халықтың ашуын келтірді. Оның журналистерге берген сұхбаты әлеуметтік желіде тарап кетті деп хабарлайды Азаттықтың желідегі парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мұрат Теміржанов – мәжіліс депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. Депутатты БАҚ өкілдері сөзге тартып, Шахтинскідегі ереуілге қатысты пікірін білмек болды. Алайда, халық қлаулысының «кенші халықтың жанайқайына» алып-қосар ойы жоқ екен. Тек аграрлық салаға жауап беретінін айтқан депутат елдің басқа мәселесіне үн қоса алмайтын көрінеді.

«Менің пікірім жоқ! Неге десеңіз… Мен ауыл шаруашылығында байланыста… Комитет… Бүгін Тамара Дүйсенова айтқан ғой… барлығы шешеді», – деді ол.

Халықты мәжілісмен айтқан «пікір» ғана емес, екі сөздің басын құрай алмаған «шала қазақшасы» да ашуландырды.

Сұхбат әлеуметтік желіде қызу талқыланып, аудиторияның агрессиясын тудырды. Мұны олар «Ел ерге қарайды, ер жерге қарайдының» күйі деп бағалады.

«Екі сөздің басын құрай алмайтын адамнан не сұраймыз? Осындай басшылардың кесірінен ауыл шаруашылығы ешқашан дамымайды», «Бір түйір ойы болмаса депутат болып несіне отыр?!», «Осы ма біздің депутаттар? Халық қалаулысы дейді-ау.. неге осындай адамдарды Мәжіліске отырғызады?», «Халық қалаулысы халықтың мәселесіне араласа алмаса, оны не үшін сайладық?», – дейді желі қолданушылары.

comments powered by HyperComments