Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов пен танымал продюсер Баян Есентаева бүгін ресми түрде некелерін қиды. Баянның Instagram-дағы жазбасын Тұрсынғали растады деп жазады NUR.KZ.
ФОТО INSTAGRAM.COM/TURSEN_ALAGUZOV
Өткен жылдың жазынан бері жұптары жазылмаған олар бүгін заңды түрде некелерін қиып, неке куәлігін алды.
“Үйленуге тура келді”, – деп жазды Алагөзов өз парақшасында.
Еске сала кетейік, Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтан зорлық-зомбылық көрген соң ажырасып кетті. Ал Алагөзов бұрынғы әйелі Ляйсирамен ажырасып, Баянмен көңіл қосты. Екеуінің де алғашқы некелерінен екі балалары бар.
Ал Баян Мақсатқызын соққыға жыққан Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталып кетті.
Дереккөз: Nur.kz
comments powered by HyperComments