Домой Новости Иманғали Тасмағамбетов – «Ең белсенді мемлекеттік қызметкер» атанды

Иманғали Тасмағамбетов – «Ең белсенді мемлекеттік қызметкер» атанды

Өткен жылдың ең ауқымды «Халық даусы» жобасы қорытындыланды. Онда «Ең белсенді мемлекеттік қызметкер» номинациясын Қазақстнның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов жеңіп алды.

Иманғали Тасмағамбетов – «Ең белсенді мемлекеттік қызметкер» атанды

Иманғали Тасмағамбетов – «Ең белсенді мемлекеттік қызметкер» атанды

Көп жылдар бойы Иманғали Нұрғалиұлы ел саясатына еңбегін сіңіріп, әріптестері мен халықтың сеніміне кірді. Бір жылдан астам уақыт Ресей жерінде жұмыс істеп жүргеніне қарамастан, ол халық есінде белсенді мемлекеттік қызметкер ретінде қалып қойыпты. Оған қоса жақында ғана Ресей Федерациясының сыртқы істер минитрлігі атынан «Халықаралық ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған еді.

Ал «Халық даусы» жобасында Иманғали Тасмағамбетовты 5000-ға жуық халық қолдап, «Ең белсенді мемлекеттік қызметкер» атағына лайық деп таныды.

Дауыс берудің соңғы аптасында осы аталым бойынша екінші орынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші оранбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед көтерілді. Оның жобадағы рейтингінің өсуіне соңғы кездері өңірлерге жасаған сапарлары сеп болуы мүмкін. Сонымен, әріптестерінің белсенді қолдауының арқасында ол 4000-нан астам дауыс жинады.

Рейтингтегі құрметті үшінші орын премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа бұйырды. Соған қарағанда басшы халықтан көрі министрлермен көп кездесетін сияқты. Себебі халық оның белсенділігін аса бағалай қоймаған. Біздің жобада ол 1700 дауыс жинады.

Nur.kz интернет порталы жобада жеңіске жеткендерді құттықтап, мемлекеттік қызметте жетістіктер тілейді.

Айта кетейік, «Халық даусы» жобасы шенеуніктер қызметі туралы тұрғындардың тәуелсіз, шынайы пікірін білу мақсатында ұйымдастырылды. Рейтинг ешқандай қазылар алқасы мен бақылаушы тараптың араласуынсыз, тек халықтың дауыс беру жүйесі арқылы ғана анықталды.

comments powered by HyperComments