Домой Новости Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды (видео)

Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды (видео)

Желтоқсанның 9 күні өз елінен қашқан Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Германиядағы отандастарымен кездесті. Ақаевтың жанында жары Майрам мен қызы Бермет болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Германияда кездесу өткізген Ақаевқа қырғыздар жұмыртқа лақтырды (видео)АСҚАР АКАЕВ. ФОТО: SPUTNIK / ЕКАТЕРИНА ЧЕСНОКОВА

Кездесудің ұйымдастырушылары Facebook желісінде тікелей эфир жүргізді.

Кейбір қатысушылар “Ақаев кет” деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Ақаев сөз сөйлеген уақытта кездесуге келгендер одан қырғыз тілінде сөйлеуді талап етті. Бірақ ол бұйрық бермеу керек екенін айтты.

“Бұйрық бермеңіздер. Сіздер Қырғызстанда емес, демократиялы ел Германиядасыздар. Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін” — деп кесіп айтты ол.

Көптеген сұрақтарға Ақаев жауап бермейтінін мәлімдеді. Осы кезде қатысушылардың бірі оның тарапына қарай жұмыртқа атқан. Бұл әрекет Ақаевтың қызының ашуын тудырып, Бермет әкесін жемқор деген ер азаматпен ұрсысып, оны бірнеше рет сөмкесімен ұрып жіберді. Оқиғаға полицейлер араласуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, Асқар Ақаев Қырғызстанда 1990- 2005 жылдар аралығы “қызғалдақ” төңкерісіне дейін президент болды.

 

comments powered by HyperComments