Домой Новости “Бұл менің ағатайым”: Әйгілі боксшы Қадыровты құшақтап суретке түсті (фото, видео)

“Бұл менің ағатайым”: Әйгілі боксшы Қадыровты құшақтап суретке түсті (фото, видео)

Әйгілі боксшы Флой Мейвезер Грозныйға келген сапарында Шешенстан президенті Рамзан Қадыровты құшақтап суретке түсіп, оны өзінің ағатайы деп атады деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бұл менің ағатайым": Әйгілі боксшы Қадыровты құшақтап суретке түсті (фото, видео)РАМЗАН ҚАДЫРОВ ПЕН ФЛОЙД МЕЙВЕЗЕР. ФОТО: INSTAGRAM

“Мейвезер маған: “Мен Ресей азаматтығын алсам, Мәскеуде үйім бар. Грозныйда да баспанам болғанын қалайтын едім “, – деп айтты деді Қадыров.

Шешенстан басшысы америкалықтың Ресей азаматтығы мен Грозныйдан үй алғысы келетінін растады.

“Instagram-ның барлық қолданушылары: Сіздердің мына жігіттің парақшасына дәл қазір тіркелгендеріңіз дұрыс. Бұл менің бауырым, досым және Money Team командасының мүшесі. Мен қазір Шешенстандамын. Мен барлық жердемін”, – деді Мейвезер Қадыров Telegram-каналындағы видеода.

 

comments powered by HyperComments