Домой Новости Қазақстанда жүргізушілер үшін қандай айыппұл көлемі азаяды?

Қазақстанда жүргізушілер үшін қандай айыппұл көлемі азаяды?

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Нұрсейіт Әбішев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:altaynews.kz

Көрнекі фото:altaynews.kz

Айта кетейік, 28 желтоқсанда елбасы Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды. Заң ресми жарияланғаннан кейін, яғни 10 күннен соң күшіне енеді.

Ал осы заң аясында жол ережесін бұзған жүргізушілер үшін қылмыс құрамының 22 түрі бойынша айыппұлдар санын азайту көзделген.

Осы орайда Нұрсейіт Әбішев қандай құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлдар төмендейтініне тоқталды.

“Қазіргі таңда мүгедектердің көлік қоятын орнына азамат өз көлігін қойса, оған 50 АЕК көлемінде яғни 120 мың теңге айыппұл салынады. Аталған заң бойынша бұл жазаны 10 АЕК-ке яғни 22 мың теңгеге азайту көзделіп отыр. Сонымен қатар мысалы жылдамдықты асырған жағдайда айыппұл мөлшері қазіргі таңда 10 АЕК болса, оны 5 АЕК-ке азайту қарастырылған”, – деді ол.

Сондай-ақ ол кейбір құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілер үшін жазаның жеңілдегенін атап өтті.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлері жүргізушілерді тоқтатып, оның заңды талабына бағынбаған көлік иелері бүгінде 1 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал аталған заң күшіне енсе, бұл жаза 6 айға дейін қысқарады. Жолдың қарсы бетіне шығып кеткен жағдайда заң бойныша 1 жылға дейін мерзімде көлік иесі жүргізуші куәлігі мен көлікті басқару құқығынан айыру жазасы қолданылатын. Ал енді жүргізуші осы әрекеті үшін 30 АЕК көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлейді», – деді Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы.

Әбішевтің айтуынша, жүргізушілер 7 күннің ішінде айыппұлдарды төлесе, оларға 50 пайыз жеңілдік жасалады.

comments powered by HyperComments