Домой Новости Қазақ киносы Төлегенінен айырылды: Құман Тастанбеков өмірден өтті

Қазақ киносы Төлегенінен айырылды: Құман Тастанбеков өмірден өтті

“Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген рөлімен көпшіліктің жүрегін жаулаған белгілі кино және театр актері, Қазақстанның халық артисі Құман Тастанбеков өмірден озды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақ киносы Төлегенінен айырылды: Құман Тастанбеков өмірден өтті

Қайғылы хабарды белгілі режиссер Асхат Маемиров өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

“Беу, дүние-ай… “Қазақтың Төлегені” – Құман Тастанбеков ағамыз бүгін мезгілсіз дүниеден өтті. Қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Құман аға шын мәніндегі xалықтың ұлы, Алаштың айтулы азаматы еді. Сондықтан xалыққа қайғырып көңіл айтамыз.

Ақ боз ат мінген, ақ сөйлеп, адал күлетін, ақиық Ағаның жүрегі тоқтады. Фильмде Қызжібек “Иең қайда, ақ боз ат” деп егілетін. Өмірде де ақ боз ат иесіз қалды. Мықты болыңыз, Меруерт апа!!!

Көкірегіміз шерге толып отыр. Алайда Жаратқанның бұйрығына, жазмыштың ісіне не шара бар?! Қош бол, иманың жолдас болғай Құман аға!!!”, – деп жазады ол.

comments powered by HyperComments