Домой Новости Қазақ футболының аңызы дүниеден озды

Қазақ футболының аңызы дүниеден озды

76 жасында Қазақ футболының және «Қайрат» футбол клубының аңызы Тимур Сегізбаев өмірден өтті деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ футболының аңызы дүниеден оздыТИМУР СЕГІЗБАЕВ. ФОТО: KAZFOOTBALL

Тимур Санжарұлы 1958-1970 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында 200-ден астам ойын өткізген.

Ол алматылық клубтың құрамында керемет ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған болатын.

1964-1969 жылдар аралығында команда капитаны болды. Кейін Алматының “Қайрат”, Қарағандының “Шахтер”, Қызылорданың “Автомобилист” және “Мелиоратор” командаларын жаттықтырды.

2014 жылы Алматының “Қайрат” футбол командасы жанынан Тимур Сегізбаев атындағы академия ашылған еді.

comments powered by HyperComments