Домой Новости Атырауда үшемдерді дүниеге әкелген келіншек бірден алты баланың анасы атанды (фото)

Атырауда үшемдерді дүниеге әкелген келіншек бірден алты баланың анасы атанды (фото)

19 желтоқсан күні Атырауда үшем дүниеге келді. Бұл туралыNUR.KZ порталы atr.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда үшемдерді дүниеге әкелген келіншек бірден алты баланың анасы атанды. Фото: atr.kz

Атырауда үшемдерді дүниеге әкелген келіншек бірден алты баланың анасы атанды. Фото: atr.kz

Емхана өкілі Түрлен Бегееваның сөзіне сенсек, әйел жүктілігінің 34 аптасында дәрігерлерге қаралған.

Ақ халаттылар қан қысымы көтеріліп кеткен анаға дер кезінде көмектесіп, кесар тілігінің көмегімен үшемдерді аман сақтап қалды.

Үшеуі де қыз бала. Біріншісінің салмағы – екі келі 390 грамм, екінші қызының да салмағы — екі келі 260 грамм, үшінші қыздың салмағы — екі келі 590 грамм. Сәбилердің бәрі де ерекшеліксіз, ота бөліміндегі неонотолог дәрігерлердің қадағалауынан өтті. Үшеуінің де дені сау. Анасы денсаулығына байланысты жансақтау бөлімінен шықты. Қазір өздеріне жеке бөлме дайындалып бөлек шығарылды.Сәбилердің қимылы ширақ, өздігінен еме алады. Мерзімінен ерте туылған соң балалардың денсаулықтары әлі де дәрігерлер бақылауында болмақ”, ⁃ дейді Түрлен Мүздейқызы.

Атырауда үшемдерді дүниеге әкелген келіншек бірден алты баланың анасы атанды

Атырауда үшемдерді дүниеге әкелген келіншек бірден алты баланың анасы атанды

Үш нәрестенің анасы атанған 31 жастағы Бағдат Дәулетиярованың бұл төртінші жүктілігі. Аманжол мен Бағдаттың отбасында үшемдерден бөлек екі ұл, бір қызы бар.

comments powered by HyperComments