Домой Новости Атырау облысының әкімі нәзік жанды келіншекті өзіне орынбасар етіп тағайындады

Атырау облысының әкімі нәзік жанды келіншекті өзіне орынбасар етіп тағайындады

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарын таныстырды. Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен өңір басшысының орынбасары болып Нұрсәуле Сайлауқызы Сайлауова тағайындалған деп хабарлайды “Атырау” басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау облысының әкімі нәзік жанды келіншекті өзіне орынбасар етіп тағайындадыФОТО: ATR.KZ

Бұған дейін осы лауазымда еңбек еткен Сәлімжан Нақпаев өз өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды

«Сәлімжан Жұмашұлы түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды. Өзінің білікті де білімді маман екенін көрсетті. Алдағы уақытта да мол тәжірибесімен өзге жұмыста бөліседі деген сенімдемін. Сәттілік тілеймін», – деген Нұрлан Асқарұлы осыған дейін облыстық білім беру басқармасының басшысы болған Нұрсәуле Сайлауованың бұл қызметке тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.

Енді аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев ауыл шаруашылығы, ал Нұрсәуле Сайлауова әлеуметтік салаларға жетекшілік ететін болды.

Өз кезегінде Нұрсәуле Сайлауқызы өзіне артылған сенім үшін алғысын білдіріп, қызметіне бар күш-жігерін арнайтынын жеткізді.

Атырау облысының әкімі нәзік жанды келіншекті өзіне орынбасар етіп тағайындадыНҰРСӘУЛЕ САЙЛАУҚЫЗЫ. ФОТО: “АТЫРАУ”

Нұрсəуле Сайлауованың педагогика саласында екі жоғары білімі бар, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының стипендиаты.

Педагогика ғылымдарының докторы, «Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының» академигі.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде аспирант болып бастаған. 2011 жылы Алматы қаласындағы №167 мектепте психолог болды. 2002-2008 жылдары Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2012 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің педагогика, психология жəне өнер факультетінің деканы, 2012-2013 жылдары жастар орталығының директоры, 2013-2014 жылдары мектепке дейінгі жəне бастауыш білім беру кафедрасының доценті болды.

2014-2015 жылдары Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы, 2015 жылдан күні бүгінге дейін Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Дереккөз: Атырау газеті
comments powered by HyperComments