Домой Новости Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?

Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?

Тәуелсіздік күніне қарағанда жаңа жыл мерекесіне дайындыққа кірісіп кеткен астаналықтар қазірден бастап балаларының көңілін аулау үшін Аяз ата мен Ақшақарға тапсырыс беріп әлек. Әсіресе, шенді-шекпенділер мен бай-бағландар бұл мейрамға әзірленуден алдарына жан салмайтын көрінеді.

Астаналық бай-бағландар ерке балалары үшін жаңа жылдық кешке қанша ақша шашады?КӨРНЕКІ ФОТО: WWW.PODELKIDETKAM.RU

2018 жыл ит жылы болғандықтан, олар тіпті биыл сағаты 35 мың теңге тұратын бағалы иттерге тапсырыс бермек екен деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Аяз ата мен Ақшақар, сиқыршылар мен аниматорлар, тіпті, асыл тұқымды бағалы иттер – бұл астаналық ауқаттылардың 31 желтоқсан күні балаларына жасайтын тосын сый түрлері.

Елордалық кеш ұйымдастырушыларының айтуынша, астаналықтар балаларының көңілін аулап, оларға ақша шашудан алдына жан салмайтын көрінеді.

Бай-бағландар Аяз ата мен Ақшақардың жарты сағаттық қызметіне 100 мыңға жуық қаражат жұмсайды екен.

«Бізде жыл сайын жаңартылып отыратын, жаңа жылдық қызмет түрлері бар. Мәселен, 31 күні кешкі сағат 17:00-ге дейін Аяз ата мен Ақшақарды шақыру қызметі 30 минутқа – 19 мың теңге болса, одан кейінгі уақыттағы баға екі есе артады, яғни 38 мың теңгені құрайды.

Бұл сомаға түрлі ойындар, флэшмоб, шыршаны айналу сынды қызметтер енеді. Бұдан бөлек, бұйра иттер мен сиқыршылар қызметі бар. Бұған, әрине қосымша қаражат төлейсіз. Мысалы, бағалы иттердің цирктағыдай өнер көрсетуі – 35 мың теңге, ал көгершіні мен иті бар сиқыршы қызметі – 25 мың теңге болады.Сонда жалпы сома – 88 мың теңгеге дейін жетеді.

Ал 30-ына дейін бір сағатқа созылатын 4 аниматор мен жаңа жылдық шағын концерт қызметін ұсынамыз. Оның бағасы – 40 мың теңгені құрайды. Әрине, бұл қызметтерге көбінесе қалталы азаматтар тапсырыс беріп жатады», – деп түсіндірді Event агенттіктері өкілдерінің бірі.

Сонымен қатар, жаңа жыл кешін ұйымдастыратын кей агенттіктер 31 желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 ден кейін жарты сағатқа Аяз ата мен Ақшақарды үйіңізге шақырғаныңыз үшін – 30 мың теңгеге дейін қаражат сұрайтын көрінеді.

«Біздің агенттікте экспресс қызмет деген бар. Яғни, үйіңізге 15-20 минутқа Аяз ата мен Ақшақарды шақыртып, балаларыңызға Аяз атаға өлең оқыта аласыз. Мұндай жағдайда сыйлықты да өзіңіз алдын ала дайындап коюыңыз тиіс. Бағасы – 15 мың теңге, ал кешкі сағат 17:00-ден кейін бұл баға екі есе болады, яғни, 30 мың теңге. Ал, 31 күні жарты сағатқа – 30 мың теңге, бір сағатқа – 60 мың теңге аламыз.

Бұған қоса, биылғы жыл ит жылы болғандықтан, 31 желтоқсан күні балаларыңызға арнап, біздің агенттік атынан ит ойыншығын табыс етеміз. Әрине, біреулер мұндай қызметті «еріккен, ақша шашқан» дейтін шығар, бірақ, баладан асқан бақыт бар ма? Астаналықтар, балаларынан ақша аямайды. Сондықтан, тапсырыс жылдағыдай көп», – деп сөзін түйіндеді Астанадағы мереке ұйымдастырушы агенттік өкілдерінің бірі.

comments powered by HyperComments