
Астанада салмағы алты келіге жуық алып сәби дүниеге келді
Астананың № 3 перинаталдық орталығында салмағы 5 400 грамм болатын қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.
Көрнекі фото: colady.ru
Нәресте 13 желтоқсанда дүние есігін ашқан. Оның туғандағы салмағы 5 400 грамм болған.
“Босану еш қиындықсыз өткен. Босанғаннан кейінгі кезең де қалыпты болды. Сәби мен оның анасының жағдайы қалыпты күйінде үйіне шығарылды”, – дейді № 3 перинаталдық орталықтың босану бөлімінің меңгерушісі Эльмира Әлімжан.
Екі ұлдан кейін қызды болған ата-ана оның есімін Жаннұр деп қойған.