“Астана” клубы қазақ футболы тарихында алғаш рет Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Күні кеше елордалықтар Чехияның “Славия” командасын 1:0 есебімен ұтып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
ФОТО: WWW.EUROSPORT.RU
Күллі Қазақстанға қуаныш сыйлаған голды Марин Аничич 38 минутта соқты.Бас төреші Давид Масса алғашында голды есепке алмағанымен, көмекшісімен ақылдасқан соң есепті тіркеді.

Екінші таймда қазақстандық команданың қорғаушылары дұрыс қорғана білді. Қырағылық танытқан қақпашы Ненад Эрич те бірнеше рет қарсыластың добына тойтарыс берді.
Нәтижесінде бірінші таймдағы есеп сақталып, “Астана” 10 ұпаймен Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.
“Астананың” плей-офф кезеңіндегі қарсыласы 11 желтоқсан күні анықталады.
Жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Салтанатты шара Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.
comments powered by HyperComments