Домой Новости Арман Сқабылұлы: Қоянбаев пен Ләйлалар жастардың миын айналдырып жүр

Арман Сқабылұлы: Қоянбаев пен Ләйлалар жастардың миын айналдырып жүр

Белгілі тележурналист, қоғамдағы түрлі мәселелерге қатысты өткір пікір білдіретін Арман Сқабылұлы arasha.kz сайтына сұхбат беріп, еліміздегі журналистикаға қатысты өз ойларымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Арман Сқабылұлы: Қоянбаев пен Ләйлалар жастардың миын айналдырып жүр

– Мен фейсбукте көп отырамын. Мемлекеттік арнада жұмыс істейтін екі жүзге жуық оқырманым бар. «Қазақстан» мен «Хабардың» бағдарламаларын сынап пост жазсам әлгі оқырмандар үн түнсіз отырады. Менің ойыма іштей қосылатындықтан қарсы пікір жазбайды. Бірақ лайк та баспайды. Неге?

Бірақ менің жекеме шығып, ащы пікіріме бас бармақпен бағаларын береді. Күнтізбеге қараңыз. Қазір, 1937-жыл емес қой. 2017-жыл! Қайбір жылдары «Хабар» арнасында оңаша жиналыс болыпты. Қызметкерлерге Серік Абас-шахты оқуға, лайк басуға тиым салынған екен.

Мен мемлекетке, президентке ешқашан қарсы шыққан адам емеспін. Шықпаймын да. Жай ғана журналистік міндетімді атқарып, жасыруға болмайтын проблемаларды жазып жүрмін. Мәселен, қазір қоғам болып рухани жаңғыруға ұмтылып жатырмыз. Қолдаймын.

Бірақ оның орындалуында олқылықтар бар екені рас қой. Ұлттың ұлы жоспары облыстарда қаңғырумен емес, жаңғырумен жүзеге асуы қажет. Ең алдымен телеарналарымыз түзелуі тиіс. Әйтпесе, Қоянбаев пен Ләйләлар онсыз да кітап оқымайтын жастардың миын айналдырып жатыр, – деді тілші сұрағына жауап берген Арман Сқабылұлы.

Арман Сқабылұлы: Қоянбаев пен Ләйлалар жастардың миын айналдырып жүр

Сондай-ақ, тележурналист телеарна эфирлерін жаулаған жұлдыздарға қатысты да пікір білдірді.

– Мен осындай пікірлерді естіп жүрмін. Көп адам Серікті (Абас-Шах) кінәлайды. Бірақ Серік кітап оқитын әншілерді тартты. Бекжан Тұрыс, Дулыға, Шынар, Айгүлдер эфирден көрінуге лайықты болды.

Бір кісілер Серік екеумізге бата алмай, үлкен басшыларға қоңыраулар шалғандарын білем. Бірақ өз басым, олардың көпшілігін өткізбеуге тырыстым. Ләйләнің ас дайындайтын таңғы бағдарламаны жүргізуіне қарсы болдым.

Дикциясы нашар болды. Жалпы, мен хабардың эфиріне шығармай қойған көп әншілер басқа арналардың жұлдызы болып жатты. Олар эфирге шығудың оңай жолын біле ме? Түсінбеймін, – деді Арман Сқабылұлы.

comments powered by HyperComments