Домой Новости “Қаншасы тірі екені белгісіз”: ҰҚК қарулы қақтығыс аймағындағы қазақстандық балалар туралы айтып...

“Қаншасы тірі екені белгісіз”: ҰҚК қарулы қақтығыс аймағындағы қазақстандық балалар туралы айтып берді

Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтің айтуынша, сириялық қарулы қақтығыс аймағында 390 қазақстандық бала бар. Олардың қаншасы тірі екені белгісіз. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанғасілтеме жасап хабарлайды.

БАЛАЛАР. КӨРНЕКІ ФОТО: GAMBARSKETSA.DOWNLOAD

Оның сөзіне сенсек, кәмелетке толмаған бүлдіршіндердің 217-сі ұл бала және 176-сы қыз бала.

“Бүгінде балалардың бұл саны шындыққа сәйкес келетініне де кепілдік бере алмаймыз. Олардың бәрі сириялық әскердің шиеленіс нүктелерінде жүргені анық. Қанша баланың тірі екенінен де бейхабармыз”, – дейді Білісбеков.

ҰҚК бомбалау аймақтарында қазақтандықтардың барын растап отыр. Олар елімізге 63 баланы қайтару мүмкін болғанын алға тартты. Тағы 50 кәмелетке толмаған бала елге оралу кезегін күтіп отыр.

comments powered by HyperComments