Домой Новости an hour ago 2018 жылы қазақстандықтар шамамен 120 күн демалады

an hour ago 2018 жылы қазақстандықтар шамамен 120 күн демалады

2018 жылы қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасын есепке алғанда 119 күн демалады деп хабарлайды NUR.KZ.

2018 жылы қазақстандықтар шамамен 120 күн демалады. фото Lockerdome.com

2018 жылы қазақстандықтар шамамен 120 күн демалады. фото Lockerdome.com

Жаңа жыл 2017 жылдың 30 желтоқсанынан 2018 жылдың 2 қаңтарына дейін созылмақ. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтарға 31 желтоқсаннан бастап үш күн демалыс болмақ.

Халықаралық әйелдер күні де төрт демалыс күнін сыйламақ – 8-11 наурыз аралықтары. Наурыз мерекесінде бірден бес күн демалыс болады – 21-25 наурыз.

Бірінші мамыр күнін тұрғындар үш күн қатарынан тойламақ. Ал Жеңіс күнінде төрт демалыс күні күтіп тұр.

Астана күні болса, үш күн демалысты тарту етеді. Ал 21 тамыз Құрбан-айттың алғашқы күні болмақ.

Конституция күні де төрт демалыс күнінен құралмақ – 30 тамыз – 2 қыркүйек. 16 желтоқсан мейрамында үш күн демалыс болады.

2018 жылы қазақстандықтар шамамен 120 күн демалады
comments powered by HyperComments