Домой Новости Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)

Алматылық дәрігерлер есінен адасып, сөйлей алмай қалған ер азаматтың туыстарына іздеу салды деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Науқасты  бір ай бұрын жедел жәрдем №7 қалалық ауруханаға жеткізген.

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)

«Пациенттің жасы 50-лер шамасында. «Алтын Орда» базары маңында ес-түссіз жатқан жерінен   тауып, жедел жәрдем әкелді. Дереу жансақтау бөліміне жатқызылып,  өлім аузынан арашалап қалдық. Құлағаны не біреуден таяқ жегені белгісіз, беті көгеріп, мұрнынан қан кетіп түскен еді. 20 күн комада жатып, беті бері қарады.

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)НАУҚАС АЗАМАТ. ФОТО: №7 АУРУХАНАДАН.

Жедел тексеру нәтижесінде науқастың сол жақ миына қан құйылғаны анықталды. Үздіксіз емнің арқасында қазір өзі тұрып жүреді, тамағын ішеді. Бірақ сөйлей алмайды, аты-жөнін де білмейді. Азаматқа ота жасаудың қажеті жоқ. Тек үй жағдайында тыныштық пен күтім ғана керек. Сол үшін осы ер кісіні танитындар болса алып кетуін сұраймыз» ,- деді емдеуші дәрігер Қайрат Омаров.

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)НАУҚАС АЗАМАТ. ФОТО: №7 АУРУХАНАДАН.

Ұлты азиатқа келетін ер азаматтың қазақ немесе қырғыз екені де белгісіз. Қолына қалам берсе дәптерді шимайлап, атын да жаза алмайды екен. Ал дәрігерлер болса науқастың туысы табылып қалар деген үмітте. Айрықша белгілерінің бірі –  қолында Германияда әскери борышын өтегені туралы жазылған татировкасы бар.

Алматылық дәрігерлер есін білмейтін ер азаматтың туыстарын іздеп жатыр (фото)НАУҚАС АЗАМАТ. ФОТО: №7 АУРУХАНАДАН.

Фотодағы азаматты немесе оның туыстарын танитындар болса №7 қалалық ауруханаға хабарласуларыңызды сұраймыз.

comments powered by HyperComments