Домой Новости Айсәуле Бақытбек атышулы Айжан Байзақованы қорғап шықты

Айсәуле Бақытбек атышулы Айжан Байзақованы қорғап шықты

Баян Мақсатқызының қызы елді шулатып, бірнеше күн бойы БАҚ беттерінен түспеген Төреғали мен Айжан Байзақованың әрекеттеріне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, олардың істері ел шулауға тұрмайды. Сондықтан оны әлеуметтік желілерде талқылауды доғару керек.

Фото: Instagram

Бұл туралы ойын ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

“Байзақованы ұстап әкетті, Төреғали ішіп алып, қуып кетті… Бәрі жақсы ғой, алайда біздің елді 50 000 теңгеге шешінуге дайын қыздар мен өз тыңдарманын сыйламайтын әншінің әрекетінен гөрі анағұрлым маңызды проблемалар бар емес пе?!”, – деген ол Байзақова тәрбиелейтін өз әке-шешесі бар екенін айтты.

“Өз балаларыңызды тәрбиелеңіздер, болды ғой. Енді елдегі барлық болып жатқан проблемаларға Байзақованы кінәлайық. Бәлкім, пара алатындардың кінәсін де соған жабайық. Мен оны жақтамаймын, бірақ әркімнің өз басы бар ғой. Бойжеткен осылай ақша тауып отыр, алматылық кей қыздардан да айырмашылығы жоқ. Тіпті эстрада жұлдыздарынан да айырмашылығы жоқ. Жай ғана олар бәрін ешкімге білдірмей істейді. Қайсысы дұрыс екенін білмеймін де”, – деген ол екі аты аталған екі “жұлдыз” да істерін тығылып істемей, өзіңмен өзің болу керектігін айтты.

“Меніңше, өтірік күліп, екіжүзді болғанша, арақ ішіп, темекі тартып, балағат сөздер айтып жүрген артық. Адамдардың шынайы болмысын қабылдауымыз керек. Кейбіреудің қызы үшін жүз елу доллар үшін шешіну түк те емес екен. Енді оған не істей аламыз? Төреғали өзтыңдарманымен ұрысып қалыпты, әндерін радиодан алып тастады. Кешірім сұрады. Енді оны ары қарай талқыға салудың реті бар ма? Оған өлең арнап, не деген “колхоз” бұл? – деді Айсәуле.

comments powered by HyperComments