Домой Новости Абай Бегей министрден алған марапаты үшін өкініп қалды

Абай Бегей министрден алған марапаты үшін өкініп қалды

Абай Бегей жуырда Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолынан “Мәдениет саласының үздігі” марапатын иеленді. Бірақ аталған сыйлыққа өзін лайық көрмеген желі қолданушыларының пікірі мен қуанышын бөлісіп, құттықтамаған әріптестерін көрген соң бұл сыйлықты алғанына өкініп қалған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Абай Бегей марапат алу сәті. Фото: Instagram

Абай Бегей марапат алу сәті. Фото: Instagram

“Министрліктен хабарласып, менің құжаттарымды сұрады. Басында не себепті екенін айтпады, бірақ он күн қалғанда «Астанаға келіңіз, сыйлық берейік деп жатырмыз» деді. Әрине толқыныс болды. Сол сыйлық болады деген кезде жұрттың не айтатынын шамамен ойлап қойғанмын. Кейін Instagram парақшамда сол мен ойлағандай: “Не үшін әншілерге сыйлық бере береді? Ол алатындай көп уақыт болған жоқ…» деген пікірлер жазылды. Мен өнерге 2007 жылы келдім, содан бері өнерге қызмет етудемін”,-деді әнші.

Әнші аталған сыйлықты өзі сұрап алмағанын да алға тартты.

“Ол сыйлықты өзім сұрап алсам бір жөн еді. Алла тағала бақ беремін десе ешкімнен де сұрамайды, уақытты да қажет етпейді. Біреулерге 10-20 жыл берілмеуі мүмкін. Сыйлық алған кезде пікірлерді оқып, көңілім түсті. «Бұған не үшін берілді? «Аспанға қараймынды» айтқаны үшін бе деген сияқты жазып жатыр. Бес саусақ бірдей емес, сол себепті мен адамдарды түсінемін”,-деп айтты әртіс.

Сондай-ақ Абай осы сыннан кейін желідегі парақшасында марапат алмаған әріптестерінен кешірім сұраған.

“Негізі әріптестерімнің арасында құттықтағандар аз болды. Мен Instagram парақшасында «Біреудің алдына түсіп кетсем кешіріңіздер, ренжімеңіздер!» деп жаздым. Ренжімейтін шығар деп ойлаймын, бірақ барлық әріптестерім көп салған жоқ. Мен олар мені көре алмай жатыр деп ойламаймын, уақыттары болмай жатқан шығар. Мен сыйлықты алған кезде қуандым, жаңағындай ешкім құттықтамай қалған кезде тағы да ойланып, бекер алдым ау деп қалдым”,-дейді ол.

comments powered by HyperComments