Ақтөбеде 19 жастағы жігіт пен 14 жастағы қыз азаматтық некеде бірге тұрып келген. Жағдай полицияға мәлім болғаннан кейін «отағасы» қамауға алынды деп хабарлайды Дипазон басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО GOODFON.RU САЙТЫНАН АЛЫНДЫ
Оқиға Байғанин ауданының Ноғайты ауылында болған. Онда «азаматтық некені» желеу еткен жігіт пен жасөспірім қыз бірге тұрып келген.
Кәмелеткен толмаған арумен интимдік қатынаста болғаны үшін азаматтың бас бостандығына үш жыл мерзімге дейін шектеу қойылды. Осы уақыт аралығында жігітке ресторан-клубтарға баруға тыйым салынады және жүйелі түрді полицияға есеп беріп отырады.
comments powered by HyperComments