Домой Новости 40 теңге үшін оқушы қызды айдалаға түсіріп кеткен астаналық кондуктор жазаланды

40 теңге үшін оқушы қызды айдалаға түсіріп кеткен астаналық кондуктор жазаланды

Астанада жолақы төлеуге ақшасы жетпеген қызды айдалаға түсіріп кеткен кондуктор жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

40 теңге үшін оқушы қызды айдалаға түсіріп кеткен астаналық кондуктор жазаландыКӨРНЕКІ ФОТО: SPUTNIKNEWS.KZ

“Біз қызметтік тексеріс жүргізіп, автобус камерасынан видеожазбаны алдық. Камерада “Астана Арена” аялдамасында №303 автобусқа қыз мінгені көрінеді.Қыздың ақшасы болмапты.

Өкінішке орай, камера дыбысты жазбайтындықтан кондуктор оған не айтқаны естілмейді. “ЭКСПО Плаза” аялдамасында оқушы автобустан түсіп қалған”, — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға “Астана LRT” компаниясының баспасөз қызметі.

Компания мамандары оқиға күндізгі сағат 12 шамасында болғанын айтты.

“Аялдама шынымен де біршама алыс, елсіз жерде орналасқан. Этикалық нормаға сүйенсек, баланы түсіріп кетудің қажеті жоқ еді. Кондуктор сыйақыдан қағылды, сондай-ақ оған қатаң сөгіс жарияланды“, — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Facebook желісінде №303 бағдардағы автобусқа мінген қыздың анасы шағымданған болатын. Айтуынша, ақшасын жоғалтып алғандықтан баласын айдалада автобустан түсіріп кетіпті.

Қыздың ұялы телефонының қуаты таусылып, анасына қоңырау шала алмай, жылаған. Осы кезде сол маңда бір адам жолығып қалып, жолақыға ақша берген.

comments powered by HyperComments