Домой Новости 34 minutes ago Сұраққа жауап бере алмаған Қаржы министрі басшыдан сөз естіп...

34 minutes ago Сұраққа жауап бере алмаған Қаржы министрі басшыдан сөз естіп тынды

Мәжілістің жалпы отырысында төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматуллин депутаттар сауалына толық жауап бере алмаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов, Қаржы министрі

Бақыт Сұлтанов, Қаржы министрі

Мәжіліс төрағасы, әсіресе, соңғы жиырма жылда талай мәрте өзгертулер енгізілген салық салу заңын сараптап отыру қажеттігін қадап айтты. Нұрлан Нығматулин министр Бақыт Сұлтановқа шүйлікті.

«Қазір, депутаттар атап өткендей, Қазақстанның өзге мемлекеттермен жасасқан 52 халықаралық салық туралы келісімдері қолданыста. Осы орайда, менің білуімше, біз қарастырып отырған Үндістан мен Қазақстан арасындағы Конвенцияның қабылданғанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында, біздің елде салық туралы заңға қанша мәрте өзгертулер енгізілді. Осы уақыт аралығында қолданыстағы заң мен Конвенцияда көрсетілген талаптар арасындағы айтарлықтай айырмашылық орын алғаны айдан анық. Соны ескерген жан бар ма? Сондықтан, Қаржы министрлігі аталған өзгертулердің барлығын сараптап, бұрын қабылданған ережелерді жаңартып отырулары тиіс», – деп сын айтты мәжіліс төрағасы.

Бақыт Сұлтанов, өз кезегінде, «аталған бағытта күн сайын жұмыс жүргізілетінін, сондай-ақ, бүгінгі ескерту бойынша да бірқатар жұмыстар қолға алынатынын» айтып ақталды.

comments powered by HyperComments