Инвестициялар және даму министрлігі 2018 жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеретнін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: terskyrayon.gov-murman.ruzd
Министрлік хабарлағандай, бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және бағыттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр.
Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі. Ал 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.
“Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты. Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды. Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% —ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады”, — деп жазылған хабарламада.
Министрліктегілердің сөзінше алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
comments powered by HyperComments