Домой Новости 17 жыл бойы күткен жеңіс: Қазақстандық КВН команда Жоғары лигада алғаш рет...

17 жыл бойы күткен жеңіс: Қазақстандық КВН команда Жоғары лигада алғаш рет чемпион атанды (фото, видео)

Астаналық «Спарта Номад» КВН командасы алғаш рет Жоғары лигада чемпион атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

17 жыл бойы күткен жеңіс: Қазақстандық КВН команда Жоғары лигада алғаш рет чемпион атанды (фото, видео)“СПАРТА”. ФОТО: VK.COM/SPARTA.ASTANA.PROMOTION

“2017 Жоғары лиганың чемпионы — “Спарта Номад” (Астана)! Біздің құттықтауымызды қабыл алаңыздар”, – деп жазылған КВН ресми сайтында.

Айта кетейік, КВН ойындары Жоғары лигасының финалы кеше Мәскеуде өтті.

 

17 жыл бойы күткен жеңіс: Қазақстандық КВН команда Жоғары лигада алғаш рет чемпион атанды (фото, видео)РЕЗУЛЬТАТЫ ИГРЫ

Ойынға Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский қазылық етті.

Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды «Спарта Номад» (Астана), екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) иеленсе, үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті.

Ойынға қатысқан танымал әзілкеш, Нұрлан Қоянбаев бұл жеңіс Тәулесіздік қарсаңында ел тұрғындарына тамаша сый болғанын қуана хабарлады.

“Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне “Спарта” КВН командасы керемет сый жасады! Біз бұл жеңісті 17 жыл күттік! Баршаңызды бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті мерекесімен құттықтаймын! Спарта – Чемпион!!!”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Дереккөз: Nur.kz
comments powered by HyperComments