Өзбектсандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды. Сайттың сөзіне сенсек, Кәрімовтің екі қызынан бөлек алғашқы некесінен бір ұлы бар. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ислам Кәрімов Ғылыми-ағартушылық кешенінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ПЕТР КӘРІМОВ (ОҢ ЖАҚТА). ФОТО ALISHER1966.BLOGSPOT.COM
“Оның үш баласы мен алты немересі болды. Ол үшін балаларымен араласып тұру үлкен қуаныш еді”, – делінген Өзбекстанның тұңғыш президентінің биографиясында.
БАҚ-тың ақпаратына сенсек, Ислам Кәрімов 1960 жылдары Наталья Петровна Кучмаға үйленген. Бұл некеден Кәрімов ұлды болып, ұлына Петр деген есім беріпті.

Петр біраз уақыт бойы «Азия-Инвест Банк» басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген деп жазады Fergananews.com.
comments powered by HyperComments