Танымал актер әрі еліміздегі ең жас депутат Асылхан Төлепов кеше Алматы төрінде үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Актердің тойына құрметті қонақ ретінде қала әкімінің өзі келген. Қаладағы ең қымбат мейрамханалардың бірі “Grandballroom-да” өткен дүбірлі тойдың суреттері мен видеолары Instagram желісін шарлап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Тойға келген қала әкімі Бауыржан Байбек жас жұбайларға жүрекжарды лебізін білдірген.

Салтанатты кеште әкімнен бөлек шоу-бизнес әлеміндегі танымал тұлғалар мен әртістер де төбе көрсетті.

Жігіт жолдас – Асылханмен бірге “Жау жүрек мың бала” фильмінде Таймастың рөлін сомдаған Аян Өтепберген болды.


Димаш Құдайбергеннің менеджері Алпамыс Шәрімов Асылхан мен Айсұлудың той кортежінен бас тартып, жетімдер үйіне барғанын желідегі парақшасында жазған болатын.

comments powered by HyperComments