Домой Новости Тым қымбат қалың мал сұраған келінін жақтырмаған енесі өзіне қол салды

Тым қымбат қалың мал сұраған келінін жақтырмаған енесі өзіне қол салды

Қытайдың Нинлин уезінде 47 жастағы әйел ұлының сүйіктісін жақтырмағаны соншалық, өзіне қол салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тым қымбат қалың мал сұраған келінін жақтырмаған енесі өзіне қол салдыӨЗІНЕ ҚОЛ САЛҒАН ӘЙЕЛ. КАДР: PEOPLE.CN

Ресми ақпаратқа сәйкес, әйел келінінің бойы тым қысқа болғанын ұнатпаған. Ол ұлы үйленуден бас тартпаса, өзіне қол салатынын айтыпты. Ұлы райынан қайтпағасын, анасы ақыры айтқанын орындап, өзен жағасында өмірімен қош айтысқан.

Өзге расталмаған ақпарат бойынша, әйелдің өзіне қол салуына келінінің қалың малға тым қымбат дүние сұрағаны себеп болған. Бойжеткен той алдында оған көлік сыйлауын талап етіпті. Ал мұндай қаражаты жоқ жігіттің ата-анасы тығырыққа тірелген көрінеді.

comments powered by HyperComments