Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентінің Қазақстан туралы “долдана сөйлегені” екі ел арасындағы қарым-қатынасқа кесірін тигізетінін алға тартты деп хабарлайды NUR.KZ.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ. ФОТО SPUTNIKNEWS.KZ
“Атамбаевтың кезекті Қазақстан туралы лас шабуылдарға толы долданған сөзі көршілес елдердің нағыз достық қарым-қатынасына тек зиянын келтіреді. Мұндай эмоцияларға үлкен саясатта орын жоқ.
Қырғызстанға блокада жариялау туралы әңгіме болған емес. ЕАЭО-ның талаптары мен нормаларын орындау керек. Келіссөздердің мәні осы”, – деп жазған Тоқаев Twitter парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды сынға алып, елдің ЕАЭО-дан аластатылғанына бір айдан астам уақыт болғанын мәлімдеген еді.
comments powered by HyperComments