Солтүстік Кореядағы ядролық сынақ полигонында жерасты тунелінің құлауынан 200-ден астам жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жапониялық Asahi арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәлметіне қарағанда, қайғылы жағдай Солтүстік Кореяның Пунгери сынақ алаңында болған.
Тунел опырылған кезде топырақ астында 100-ге жуық адам бастырылып қалған.Екінші рет осы адамдарды құтқаруға барған 100-ден астам адам да опырылған тунелдің астында қалған.
Алайда тунел құлаған кезде ешқандай хабар таратылмай, тиісті орындар бұл жағдайды білмей қалған.
comments powered by HyperComments