16 жастағы семейлік Данара Бекмурзаева Ресейде өткен халықаралық «World Beauty 2017» сұлулық байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы бойжектен өзінің Instagram парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.
ДАНАРА БЕКМУРЗАЕВА. ФОТО: INSTAGRAM.COM/DANARABEKMURZAEVA
Басындағы тәжін көрсеткен Данара: «Әлемдік жүлдені алып кеттік», – деп жазды желідегі парақшасында.

Tengrinews.kz,-тің хабарлауынша, байқау 1 қараша күні Мәскеуде өткен.

Жүлдеге тағы екі қазақстандық бойжеткен ілінген. Олар: семейлік Аяна Әмірғалиова мен оралдық Мадина Иденова.

Айта кетейік, Данара 2016 жылы Семейде өткен сұлулық байқауында бас жүлдені иеленген.
Фото: instagram.com/danarabekmurzaeva
comments powered by HyperComments