Кеше халықтың сүйікті ұлы, қазақ әнінің королі атанған Мейрамбек Беспаев Республика сарайында шығармашылығына 30 жыл толуына орай “Елге сәлем” атты жеке ән кешін дүркіретіп өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
МЕЙРАМБЕК БЕСПАЕВ ӘН КЕШІ. ФОТО: INSTAGRAM
” “Елге сəлем” атты Мейрамбек Бесбаевтың концерті өте тамаша өтті! Республика Сарайында ине шаншыр орын болған жоқ, халықтың көшеметі, құрметі, ыстық ықыласы, аға буынының Мейрамбекті қолдауы, өз əріптестерінің , достарының атсалысып, барынша көмектесіп, шынайы қуануы, залда ұлы үшін риза болып ата-анасы, аяулы жары, балалары отырды! Міне, нағыз бақыт! Əнші бақыты! Адам баласының бақыты! Армандарыңның орындалуы! Құттықтаймын, сені тағы да досым! Осы бақыттың қанатында биікте самғап жүре бер!”,- деп жазды Instagram желісінде Мәдина Сәдуақасова.

“Менің кеімді шоу болмайды!”,- деген әнші кеште 30 жыл репертуарындағы әндерімен қоса, өнердегі әріптестерімен бірге жаңа әндерден дуэт орындады.

Концерттік кештен кейін әнші құрметті қонақтарына ақ дастархан жайды.

