Домой Новости Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын “Қалаулымды” жауып тастауға шақырды

Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын “Қалаулымды” жауып тастауға шақырды

Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын “Қалаулым” ток – шоуының жастарға берер тәрбиелік мәні жоқ екенін айтып, ұлы арқылы Аша Матайға сәлемдеме жеткізген. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ АНАСЫМЕН. КОЛЛАЖ: NUR.KZ

– Мамкаба-а-ай, ассалаумағалейкуууум!

– Уағалейкумәссәләм,

Қолыңды алам,

Сүйдім балам…

– Аман-есен асыл отанымыз, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?

– Әу, Әләу? Әй, ана “Қалаулымды” жәй қойшы…

– Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана “Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнебіреу “Қалаулым” деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!”, деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жіберіп отырғаныңыз қалай?

– … Ей, анау, әлгі… Сонымен, айттың ба Ашаға?

– Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін айтып ем ғой. Сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, “Қалаулым” ұжымына xабарласқам…

– Ым?

– “Мақсатымызға” жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?

– Өзің біл, балам.

– Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым. Ел боламын десең экраныңды түзе!”,- деп жазған анасы екеуінің арасындағы диалогты қаз -қалпында берген әнші.

Сәкен Майғазиевтің жазбасын оқыған желі қолданушылары әншінің анасының айтқанына қосылатындарын, “Қалаулымның” тәрбиелік мәні жоқ екенін жазды.

comments powered by HyperComments