
Сәкен Майғазиевтің анасы жастарды азғыратын “Қалаулым” ток – шоуының жастарға берер тәрбиелік мәні жоқ екенін айтып, ұлы арқылы Аша Матайға сәлемдеме жеткізген. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.
СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ АНАСЫМЕН. КОЛЛАЖ: NUR.KZ
– Мамкаба-а-ай, ассалаумағалейкуууум!
– Уағалейкумәссәләм,
Қолыңды алам,
Сүйдім балам…
– Аман-есен асыл отанымыз, әсем Алматыма жеттім. Денсаулығыңыз қалай?
– Әу, Әләу? Әй, ана “Қалаулымды” жәй қойшы…
– Мә-ә-ә, мама, өткенде ғана “Сәкентай-ау, ана Аша қарындасыңмен күнде бірге жүрсің ғой, менің сәлемімді айтшы. Әнебіреу “Қалаулым” деген бағдарлама не сұмдық?! Ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шығып жатқандардың ата-әжесі, әке-шешесі, жақын-жұрағаты ұят болады деп айтпай ма? Жастарға не өнеге бермекші?!”, деп маған ұрсып а(лы)п, өзіңі-і-із көруден жіберіп отырғаныңыз қалай?
– … Ей, анау, әлгі… Сонымен, айттың ба Ашаға?
– Иә, мама, олар өздері де үнемі қоңырау шалып, қатысуымды өтінеді. Бас тартып жүрмін. Бота (Аша) бағдарламаның жүргізушісі, әлгі боқтап сөйлейтіндер (туған-туыстары ұрыспайтындар) актерлер. Халықтың назарын аудару мақсатында жасалған аталмыш арнаның айласы екенін айтып ем ғой. Сіздің сөзіңізді жерге тастамайын деп, “Қалаулым” ұжымына xабарласқам…
– Ым?
– “Мақсатымызға” жеттік, көрермен жинадық, енді жастарды жақсылыққа жұмылдыратын боламыз деп жұбатты, мама. Шақырса бара берейін бе?
– Өзің біл, балам.
– Негізі, барлық бағдарламаға сіз көрсін деп барам ғой, анашым. Ел боламын десең экраныңды түзе!”,- деп жазған анасы екеуінің арасындағы диалогты қаз -қалпында берген әнші.
Сәкен Майғазиевтің жазбасын оқыған желі қолданушылары әншінің анасының айтқанына қосылатындарын, “Қалаулымның” тәрбиелік мәні жоқ екенін жазды.
comments powered by HyperComments