Домой Новости Сәбитпен ажырасқанына үш жыл болған Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шыға ма?

Сәбитпен ажырасқанына үш жыл болған Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шыға ма?

 

Соңғы уақытта жеке өмірі көпшіліктің талқысына түсіп жүрген Алтынай Жорабаева бұған дейін тілшілерге берген сұхбатында екінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін екенін айтқан болатын. “Қартайып қалған түгім жоқ” деген әнші әзірше сүйіктісін жолықтырмағанын мәлімдеді деп хабарлайды 31 арнағасілтеме жасаған NUR.KZ

Сәбитпен ажырасқанына үш жыл болған Алтынай Жорабаева екінші рет тұрмысқа шыға ма?АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА. ФОТО: ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕН

«Сүйіктім жоқ, той болмайды! Менде ондай ой жоқ әліБасқа біреуге кетіп, онымен махаббат болып, басыммен кету обал болады», – деп ағынан жарылды ол.

Егер болашақта жүрегімді дір еткізген жан кездессе, екінші рет тұрмысқа шығуым мүмкін деді әнші.

«Сіз тұрмысқа шығасыз ба деді? Мен ертеңгі күнімнің қандай болатынын білмейтінімді айттым. Егер өзім қалаған жан кездесіп, оған менің көңілім толып жатса қыздарыммен ақылдасып, неге тұрмысқа шықпасқа?! Қартайып қалған түгім жоқ», – дейді Алтынай.

Алтынайдың ажырасқанына да биыл үш жыл толыпты. Содан бері ол тек балаларыма көңіл бөліп келемін дейді.

«Менің қыздарым бар, оларға көңіл бөлу керекпін. Олар әлі кішкентай, үлкені 15 жаста болса, одан кейінгілері – 12, 8, 6 жаста. Олардың қасында үнемі мен болу керекпін. Сабаққа апарып тастап, алып келуі бар дегендей», – дейді әнші.

Жалғыздыққа үйреніп қалдым деген Жорабаева үйдегі ер адам істейтін жұмыстарды да өзі атқара беретінін жеткізді.

«Ваннадағы сантехникалық жұмыстарды өзім жасай беремін. Сатып алатынын алып келіп, ауыстыра саламын. Индира екеуміз осы әдетіме күлеміз. Себебі, басқа қалаға қонақүйге барғанда да раквинаға бір шаштар тұрып қалса, мен соларды тазалап жүремін. Шыдамаймын», – деді ол.

comments powered by HyperComments