
Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған әйел ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД ресми мәлімдеді. Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті 26 жастағы Астана қаласының тұрғыны екен.
КӨРНЕКІ ФОТО: NASHAGAZETA.NET
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер оны Астана қаласында қолға түсірген. Күдікті кінәсін толық мойындаған. Қазіргі таңда қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.
Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін күдікті жақын күндері Шымкент қаласына жеткізілетін болады.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 20 қазан күні Шымкенттегі Абай ПБ-нің қоқыс жәшігінен жас нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт негізінде Қылмыстық кодекстің 100 бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша СДТБТ-не тіркелді.
Күдікті әйелді іздестіруге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
comments powered by HyperComments