Домой Новости Петропавл тұрғыны ұлтараздықты қоздырғаны үшін сотталып кетті

Петропавл тұрғыны ұлтараздықты қоздырғаны үшін сотталып кетті

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Петропавл тұрғыны ұлтараздықты қоздырғаны үшін сотталып кеттіКӨРНЕКІ ФОТО: SPUTNIKNEWS.KZ

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желі мониторингі кезінде СҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес бойынша басқарма қызметкерлері Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны тарапынан ұлтаралық араздықты тудыру әрекетін анықтаған.

“Қала тұрғыны “Одноклассники” әлеуметтік желісіндегі жазбаларында азаматтарды ұлтына қарай бір-біріне айдап салып, қазақтарға тіл тигізген, тарихи деректерді бұрмалап көрсеткен”, — деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі.

Сот психологиялық-филологиялық сараптама жүргізіп, ұлтаралық араздықты тудыру белгілерін анықтады.

Айыпталушы сотта кінәсін толығымен мойындап, өзге ұлт өкілдерініңнамысына тигені үшін өкінген. Петропавл қалалық соты оны екі жылға соттады.

comments powered by HyperComments