
26 жастағы Қостанай тұрғыны бесінші қабаттың балконынан секіріп кетіп, аман қалды деп хабарлайды «Алау»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: ARNAPRESS.KZ
Оқиға үшінші қараша күні болған. Қостанайдағы Строительный көшесінде 26 жастағы бойжеткен бесінші қабаттан секіріп, өз-өзіне қол салмақ болған.
Кейін түрлі жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілген.
“Қыздың белі сынған. Бірден ота жасадық. Оның тірі қалғаны ғажайып. Қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр”, – дейді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марат Әбілқасымов.
Қазір оқиғаға қатысты Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша (“Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу”) сотқа дейінгі тергеу басталды.
comments powered by HyperComments