
400-ге жуық қазақстандық жас ДАИШ террорлық ұйымының құрығына түскен. Бұл туралы апта басында «Astana club» отырысының жабық жағдайда өткен жиынында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ақпарат Ақорданың youtube желісіндегі ресми арнасына шығарылды.
Елбасының сөзінше, Таяу Шығыстағы содырлар қатарына көбіне діни сауаты төмен жастар қосылады. Алайда уақыт өткен сайын ДАИШ-тың ықпалы әлсіреп барады. Адасқан жастардың арасында еліне қайтқысы келетіндер көп екені байқалған.
“Бір де бір ел онда террорлық әрекет болмайтынына кепілдік бере алмайды. Көбінде дамыған елдерде теракт оқиғалары болып жатыр, БҰҰ деңгейінде коалиция құрып, бұл қара ниеттілермен бірлесіп күресу керек. Бұлар болашаққа қауіп тудырмауы тиіс”, – дейді президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев көптеген ғаламдық проблемалардың түйінін тарқатуға болады дейді. Тек оны шешуде дұрыс жолды таңдау маңызды.
comments powered by HyperComments