Парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды. Бұл ақпаратты төменгі палатаның баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН. ФОТО: МӘЖІЛІСТІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
“Үш апта бұрын Астанадағы республикалық кардиологиялық орталықта Нұрлан Зайроллаұлының жүрегіне ота жасалды. Операция сәтті өтті, қазір оңалту процесінен өтіп жатыр”, — деді баспасөз қызметінің өкілі.
Айта кетейік, мәжіліс спикері үш апта бойы пленарлық отырыстарға қатысқан жоқ. Отырыстарға орынбасары Гүлмира Исинбаева төрағалық етіп жүр.
comments powered by HyperComments