Домой Новости ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашылады

ЭКСПО қайта оралды: Он күннен соң Астанадағы алып шар мен павильондар ашылады

Дүниежүзілік көрмені тамашалап үлгермеген астаналықтар үшін жағымды жаңалық – 10 күннен кейін ЭКСПО-2017 аумағындағы алып шар мен Қазақстан павильонындағы үздік  ашылады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

“Біз 11 қарашада ашылуды жоспарлап отырмыз. Шар аумағы толығымен жұмыс істейтін болады. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақынЭкспозицияға келер болсақ, бар қызықты алдын ала ашып тастағымыз келмейді“, –  деп мәлімдеді«Астана ЭКСПО-2017» баспасөз-қызметі.

Сондай-ақ, “Нұрлы әлем” шарынан басқа ЭКСПО көрмесінің басқа бөліктері де жұмыс істейтіні белгілі болды – келуге уақыт таппаған астаналықтар арманын жақында орындай алады.

 

ФОТО: АСТАНА ЭКСПО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстанның үздік тәжірибелері және тақырыптық павильондары да ашылады.

Қазақстандықтар Болашақ мұражайын, отандық ғалымдардың жобаларын және жаңартылатын энергия көздері бойынша жасалатын отандық жобаларды көре алады.

ФОТО: АСТАНА ЭКСПО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

comments powered by HyperComments