
Дүниежүзілік көрмені тамашалап үлгермеген астаналықтар үшін жағымды жаңалық – 10 күннен кейін ЭКСПО-2017 аумағындағы алып шар мен Қазақстан павильонындағы үздік ашылады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.


Дүниежүзілік көрмені тамашалап үлгермеген астаналықтар үшін жағымды жаңалық – 10 күннен кейін ЭКСПО-2017 аумағындағы алып шар мен Қазақстан павильонындағы үздік ашылады. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
“Біз 11 қарашада ашылуды жоспарлап отырмыз. Шар аумағы толығымен жұмыс істейтін болады. Дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Экспозицияға келер болсақ, бар қызықты алдын ала ашып тастағымыз келмейді“, – деп мәлімдеді«Астана ЭКСПО-2017» баспасөз-қызметі.
Сондай-ақ, “Нұрлы әлем” шарынан басқа ЭКСПО көрмесінің басқа бөліктері де жұмыс істейтіні белгілі болды – келуге уақыт таппаған астаналықтар арманын жақында орындай алады.
ФОТО: АСТАНА ЭКСПО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанның үздік тәжірибелері және тақырыптық павильондары да ашылады.
Қазақстандықтар Болашақ мұражайын, отандық ғалымдардың жобаларын және жаңартылатын энергия көздері бойынша жасалатын отандық жобаларды көре алады.
ФОТО: АСТАНА ЭКСПО БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ