«Қазгидромет» синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты 10 қарашада еліміздің бірнеше аймағында дауыл тұратынын ескертеді.
КӨРНЕКІ ФОТО: ҒАЛАМТОРДАН АЛЫНДЫ
Ертең тәулік бойы Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Түнде кей жерлерде қатты бұрқасын болып, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жел 15-20, екпіні 30 м/с-қа дейін күшейеді.
Өскемен қаласында қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасындатады. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%.
10-12 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.
comments powered by HyperComments