Домой Новости Cейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылды

Cейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылды

Қапшағай қаласының соты бұрынғы Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты қамаудан босатты. Ол енді жазасын шартты түрде өтейді деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Cейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылдыСЕЙТКАЗЫ МАТАЕВ. МҰРАҒАТТЫҚ ФОТО: SPUTNIKNEWS.KZ

Сот шешімі он бес күннен кейін орындалады. Осы аралықта прокурордың аппелациялық шағым түсіруге құқығы бар. Матаев сотқа видео байланыс арқылы қатысты.

Отырыста прокурор Сейітқазы Матаев сот үкімі бойынша мемлекетке келтірген 200 миллион теңге залалды өтемегенін айтып, оны босатуға қарсы болды. Ал сотта видео байланыс арқылы жауап берген колония дәрігерлері Матаевтың қан қысымы көтеріліп кететінін, түрменің санитарлық бөлімінде тиісті ем-дом ала алмайтынын айтып, оны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдады.

ЛА 155/4 колониясының өкілі Сейітқазы Матаевтың түрмедегі тәртібі “жақсы болғанын”, “үлгілі мінез-құлқы үшін ынталандыруға ие болғанын”, сотталушыны мерзімінен бұрын босатуды қолдайтынын айтты.

Еске сала кетейік, 2016 жылы 3 қазанда Астананың Есіл аудандық соты Матаевты “қаржы жымқырды” және салықтан жалтарды” деген айыптармен алты жылға, ал ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаев “қаржы жымқырды” деген айыппен бес жылға соттаған.

Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне – 169 миллион теңге, “Қазақтелеком” компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс. болған.

comments powered by HyperComments